Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының тоғызыншы турында Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті. Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман өз партияларында жеңіске жетті. Алайда Меруерт Камалиденова мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде қатарынан үшінші рет тең ойнады. Бұған дейін отандастарымыз Қытай…
БІРІНШІ БОЛ
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ « 1bol.kz »-ның ресми аккаунты. Лицензия № KZ40VPY00100286, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 03.09.2024 жылы берілген. ⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin
Динамика подписчиков
с 20 июля 2026 по 28 сентября 2026 · минимум 9 970 · максимум 11 700
Кто рекламировался за полгода
Рекламных размещений с маркировкой не найдено.
Публикации
«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны атанды. Ол бұған дейін капитандық міндетті атқарған Нұралы Әліптің орнын басты. 33 жастағы Исламхан ұлттық құрама сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 56 матч өткізіп, 4 гол соққан. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін Фарер…
Өзбекстан құрамасы Айти-Нагоядағы Азия ойындарының бес жүлделі күнінен кейін 26 медальмен жалпы есепте бесінші орында тұр. Спортшылар 6 алтын, 12 күміс және 8 қола жүлде жеңіп алды. 24 қыркүйек Өзбекстан үшін ең нәтижелі күн болды. Құрама бір күнде бес алтын, сегіз күміс және үш қола медаль иеленді. Алтын жүлдеге Шохсанам Шерзодова (каноэ), Шахзод Нурматов пен Собиржон Сафаралиев (академиялық ескек есу), Владимир…
Британиялық ауыр салмақтағы боксшылар Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның жекпе-жегі 11 желтоқсанға жоспарланған. Қос боксшының бұл кездесуден алатын жалпы гонорары шамамен 200 миллион доллар болады. The Athletic басылымының мәліметінше, көптен күтілген жекпе-жек Уэльстің астанасы Кардифф қаласындағы «Миллениум» стадионында өтеді. Кездесуді өткізу орнына қатысты келіссөздер ұзаққа созылып, жекпе-жектің…
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы матчы алдында Фарер аралдарына жетті. Отандастарымыз 26 қыркүйекте Торсхавн қаласындағы «Торсвёллур» стадионында Фарер аралдарының құрамасымен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Бұл Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуі болмақ. Ал 29 қыркүйекте ұлттық құрама сырт алаңда Словакиямен…
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) австралиялық Джексон Инглендпен (19-3, 10 КО) өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Салмақ өлшеуден кейін Зауырбек пен Ингленд дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Қазақстандық боксшы жекпе-жек алдында әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойымен бөлісті. «Бір жыл күткен жекпе-жекке бір қадам қалды. Барлық дайындық, барлық қиындық — осы күн үшін. Енді…
Қазақстандық жеңіл атлеттер Полина Иванова мен Алина Чистякова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. 🥉 Полина Иванова сырықпен секіруден 4,15 метр биіктікті бағындырып, Үндістан спортшысы Бараника Элангованмен бірге үшінші орынды бөлісті. Бұл сында Жапония өкілі Мисаки Морота чемпион атанды. 🥉 Алина Чистякова жетісайыста 5568 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Алтын мен күміс…
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) футзалдан ұлттық құрамалардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 1403,8 ұпаймен рейтингтегі 8-орнын сақтап қалды. Көш басында Бразилия тұр. Екінші орында Португалия, үздік үштікті Испания түйіндеді. Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы ресми матчтарында Италиямен екі рет кездесіп, бір ойында 1:2 есебімен жеңіліп, қарымта матчта 3:2…
Қазақстан құрамасы мен ағылшынның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін жақын күндері жаттығуға қайта кірісуі мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. 18 жастағы футболшының алдағы бірнеше күнде алаңға қайта шығуы күтіліп отыр. Сәтпаев жарақатынан кейінгі ем мен оңалту жұмыстарын Лондондағы «Челси» клубының базасында өткізді. Қазақстандық шабуылшының трансферлік құқықтары осы клубқа тиесілі.…
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбайдың Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Оралбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Мырзакир Кошалиевпен кездеседі. Қырғыз боксшысы 1/8 финалда Түрікменстан спортшысы Довлет Исламовты төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебімен жеңді. Осылайша Айбек Оралбай мен Мырзакир Кошалиев жартылай финал жолдамасы үшін…