Аватар канала Kommentator_Maulen
TG

Kommentator_Maulen

Telegram · kommentator_maulen
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты. Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл Жарнама бойынша: +77786243499
Подписчиков23 800
Охват поста3 870
Коэффициент охвата16,3%
Постов за месяц 80 последний 10 октября 2026
Рекламных постов 0 0,0% ленты
Прирост аудитории −2,1% за 90 дней

Динамика подписчиков

с 20 июля 2026 по 12 октября 2026 · минимум 23 000 · максимум 24 300

Кто рекламировался за полгода

Рекламных размещений с маркировкой не найдено.

Публикации

Оригинал

"Ақтөбе" қолаға таласады Ақтөбелік команда маңызды матчта "Елімайды" ұтып, үшінші орынға бір табан жақындай түсті 👌 Дәл қазір үштіктегі "Астанадан" бар болғаны 3 ұпайы кем... Қолаға таласта "Оқжетпес" бар тағы. Олар ертең ойнайды өз ойын. Сонымен, қалай, Еурокубокке таласа ала ма ақтөбеліктер?? @kommentator_maulen

2 930 просмотров
Оригинал

Гуаль 3 ұпай әкелді Испаниялық шабуылшының нәтижелі соққысы алматылық командаға жеңіс әкелді 👍 Айттым ғой, "Жетісу" жай жеңіле салмайды... 1:0-мен түйіндеген "Қайрат" қайтадан чемпиондық таласқа түсті. @kommentator_maulen

2 680 просмотров
Оригинал

🔥 «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» 🆚 «ТОТТЕНХЭМ» Англиядағы үлкен футбол кеші! Премьер-лигада сәтсіз басталған маусымнан кейін екі командаға да жеңіс ауадай қажет. 🔴 «Манчестер Юнайтед» өз алаңында жанкүйерлерін қуантуды көздейді. Ал ⚪ «Тоттенхэм» үшін бұл — жеңіссіз серияны тоқтатып, жағдайды түзетуге берілген мүмкіндік. Бруну Фернандеш пен «Юнайтед» шабуылы «Тоттенхэмнің» қорғанысын бұза ала ма? Әлде қонақтар «Олд Траффордта»…

3 100 просмотров
Оригинал

Темірлан құрамадан қайтпаған ба? Темірлан Ерланов Ұлттар лигасында жүр ау деймін әлі 😄 Қорғаушы жаңа есеп ашып, "Тобылды" алға шығарды. "Астана" да қарап қалмас, қызық енді басталады бұл бәсекеде 😍 @kommentator_maulen

2 650 просмотров
Оригинал

"Жетісу" Алматыда мінез көрсетуі тиіс Қайрат Нұрдәулетов білікті бапкер, футболшылардың арасында беделі бар маман. Талдықорғандық клуб бүгін жем болады дейтіндер көп, әсіресе соңғы кездегі мәселелерін айтатын болсақ, алаң иелері айқын фаворит. "Қайрат" өткен екі матчта ұтылып, чемпиондық таластағы мүмкіндіктерін анағұрлым азайтып алған еді. Енді бүгін 3 ай жалақысыз жүрген жетісулықтарды ұта алмаса... Біздің…

2 640 просмотров
Оригинал

"Қызыл-Жар" ҚПЛ-де қала ма? Мүмкін, аса маңызды матч өтіп жатыр. Айбол Әбікеннің голы петропавлдық командаға үлкен үміт сыйлап тұр. Виталий Жуковский не дегенмен тәжірибелі, Қазақстан чемпионатының жілігін шағып, майын ішкен маман ғой. Алайда, "Ертіс" есе жібере салмайды жайдан-жай. Аңсап жеткен премьер лиганы оңайлықпен кисын ба? 28-турдағы от ойынның бірі осы деп қоямын. Әрине "үшінші" күштер араласып кетпесе 😁…

2 610 просмотров
Оригинал

ҚПЛ қайта оралды Оралғанда қандай 😍 Бүгінгі 5 ойын да от болатын шығар. Турдың орталық кездесуі әрине "Елімай" - "Ақтөбе" матчы. Қос клуб үшін бұл бәсекенің бәсі жоғары - ұтқаны келесі жылы Конференциялар лигасында ойнауы ықтимал 👍 Демек, Семейде сұрапыл шайқас күтеміз. Оның үстіне Андрей Карпович үшін аталған кездесу ерекше ⚔ @kommentator_maulen

3 100 просмотров
Оригинал

"Шахтер" Бірінші лиганың чемпионы Қарағандылық клуб 24-тур қортындысы бойынша Бірінші лиганың чемпионы атанды 🏆 Турнирдің аяғына дейін әлі 2 тур бар. Сондай-ақ келесі маусымда ҚПЛ жолдамасын "Тұран" еншіледі. Түркістан мен Қарағандыда осы апта той ✨ @kommentator_maulen

3 720 просмотров
Оригинал

Балықшыны "Ақтөбе" ма алатын? Қазақстан құрамасын жынды қылған Петур Кнудсенге біздің мықтылар қызығып жатқан ұқсайды. Ұлттар лигасында Қазақстан қақпасына гол салған футболшы клубтық деңгейде де жаман емес - "Рунавикте" 30 матчта 17 гол мен 7 ассистің авторы атанды. Вообщем Фарер аралдарының футболшылары бізге қол жетпес арман болды ғой. Айтпақшы, Петур балық тұздайтын зауытта жұмыс істейді екен 😄 Сонымен қай клуб…

3 690 просмотров

Похожие каналы